БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ МАҢЫЗЫ АРТЫП ОТЫР

screenshot 20220501 133327 720x400 1

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясына атыраулық делегаттар құрамында қатынастым.

Осы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.

«Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едім. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», – деді ҚР Президенті.

Бұл – жаңа өзгерістер кезеңінің бастауы, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қалыптастырудың алғышарттарының бірі. Алдымызда көптеген өзгерістер күтіп тұр. Сөз жоқ, бұл жаңашылдықтардың нәтижесінде жаңа Қазақстан қалыптастыруға қадам басамыз және оған бүкіл халық тікелей араласады. Өйткені, референдум – азаматтардың пікірін еркін білдіруіне негізделген жалпыхалықтық, демократиялық бастама.

Қаршыға ЖАУЫМБАЕВ,
Атырау қалалық мәслихатының хатшысы

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: