АТЫРАУДА

«Біз әртүрліміз – біз теңбіз»

Жаңа Қазақстанды жасау жолындағы берік ұстанымның бірі осы қағида болмақ.

Яғни саяси реформаларды жүзеге асыру ісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі күшейеді. Бүгін Ассамблеяның 31-сессиясына қатысқан Президент ұйым қызметінің басым бағыттарын айқындап берді деп оилаимын. Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ел азаматтарының пікірі ескерілу керек. Яғни республикалық референдум өткізілуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында осындай ұсыныс жасады.

Саналы әрі сапалы түрде өзгеру үшін арнайы құрылған жұмыс тобы конституцияның 33-бабына түзету әзірлеген. Яғни Ата заңның үштен бір жаңарады. Оны жұрт құптай ма, жоқ па жалпыхалықтық дауыс беру арқылы айқындалады. Осылайша ел тағдырына қатысты маңызды шешімді қабылдауға әрбір азамат үн қосу керек.

Осындай аумалы-төкпелі кезеңде елдің тәуелсіздігі мен беркесін сақтаудың жалғыз жолы – ішкі татулық пен бейбітшілік. Бұл біздің мызғымас құндылығымыз. Мұны қаңтар оқиғасы кезінде айқын сезіндік. Енді өткеннен сабақ алып, болашаққа нық қадам басу үшін мемлекет азаматтарының бірлігін нығайтып, отаншылдық рухты көтеруге басымдық береді.

Әрине, бұл істе Қазақстан халқы Ассамблеясына артылар жүк ауыр. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жағдайда біздің бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясатымыздың берік әрі институционалды тірегі қызметін атқаратынына сенімдімін.
Бүгінгі сессияның міндеті – Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі орны мен рөлін анықтау, оны әрі қарай дамытудың бағытын белгілеу. «Біз әртүрліміз – біз теңбіз» қағидаты саяси жаңғырудың іргелі компоненті деген пікірді білдіреді.

Айсұлу ОРАЗБАЕВА,

«Могикан» шағын зауытының басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button