Бүгіннен бастап Атырауда ауа-райы өзгермек

whatsapp image 2021 09 13 at 21.47.24

Казгидрометтің мәліметінше,  Атырау облысында 7 желтоқсан тұман түседі.

Алдағы күндері республикамыздың 12 өңірінде күн күрт суып, бұрқасын болады. Ауа райының бірден бұзылуына байланысты Қазгидромет ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында боран соғады. Облыстың батысы мен шығысында тұман, көктайғақ. 8 желтоқсанда түнде ауа температурасының  -20-28 градусқа дейін күрт төмендеп, аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 7-9 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде тұман, 8 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Күндіз 7, 8, 9 желтоқсан — солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда -15-20 градус аяз болса, күндіз жел екпіні метрінен 23 секундқа жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік — шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. 7 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ,  бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі.

7 желтоқсанда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Сонымен қатар Қызылорда облысының солтүстігінде де осы күндері тұман түседі деген болжам бар.

Нұр-Сұлтан қаласында 7 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі, 8 желтоқсанда түнде ауа температурасы -25 градусқа дейін аяз. Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы -15-20 градусқа дейін төмендейді. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

8 желтоқсанда түнде Ақмола, Павлодар облыстарында, 9 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуі -20-28 аязға дейін күтіледі деген болжам бар.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: