COVID-19: Атырауда дәрі тапшылығы жоқ

by Depti
2 views

Былтыр жазда індет өршіп, халық әуре-сарсаңға салынды, науқастарды емдеп-жазудың өзі қиынға түсті.

Дәрі-дәрмектің тапшылығы, оттегі баллондарын ауруларға жеткізу қандай қиын болды десеңізші. Сол кезде қаншама ерікті жас белі бүгіле жүріп, көмек қолдарын созып еді!..

Енді сол кездегідей оттегі баллондарын ешкім тасып жүрмейді. Себебі, облыс бойынша 8 оттегі станциясы бар. Атап айтқанда, олар облыстық перинаталдық және кардиологиялық орталықтары, Атырау облыстық
және модульді жұқпалы аурулар ауруханаларында, №2 облыстық ауруханасында, Құрманғазы, Қызылқоға
және Индер аудандық ауруханаларында орнатылды. Облыстағы емдеу-сауықтыру мекемелерінде 4 МРТ, 13 компьютерлік томография, 41 рентген аппараты, 669 оттегі концентраты, 1514 пульсоксиметр, 272 өкпені жасанды желдету аппараты, 113 «жедел медициналық көмек» машинасы, сондай-ақ 7 жылжымалы медициналық кешен бар.

– Барлық медициналық мекемелерде жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектің екі айлық қоры құрылды, – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Әлия Жәмитова.

Лиза ШАЙХАШҚЫЗЫ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com