Атырау облысында бір тәулікте 366 адам Covid-19 жұқтырған
Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 366 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 200 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 42 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 32 науқас, Индер ауданында – 10, Исатайда- 9, Қызылқоға ауданында – 10, Құрманғазы ауданында – 9, Мақат ауданында – 8, Махамбет ауданында – 9 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 200 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 166 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 250 адам емделді.
Қазір 5 336 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 193, екінші облыстық ауруханада – 199 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 87, кардиоорталықта – 104, т/ж ауруханасында – 102 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 414, облыстық ауруханада – 108, жатақханада – 129, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 471 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.