АТЫРАУДА

ДАБЫЛ! Атырауда 13 жасар қызды бірден төрт ит қауып алды…

Дәрігерлер Атырау маңындағы иттер қауып алған қыздың жағдайы туралы айтты.

Атырау қаласының маңында бір қызға бірден төрт қаңғыбас ит шабуыл жасады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

2008 жылы туған науқас 13 желтоқсан күні сағат 19:50-де Облыстық балалар ауруханасына ауыр халде түсті. Дәрігерлер 13 жастағы қызға сол жақ иық пен бет жарақаты, параорбитальды аймақ және сол жақ маңдай зақымы диагнозын қойды.

– Сондай-ақ, науқаста екі иықтың, білектің, қолдың, екі жамбастың және аяқтың жарақаты бар. Бүгінде жағдайы тұрақты, қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр, – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 айында облыстық балалар ауруханасына 380 бала осындай шағыммен келген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button