АТЫРАУДА

ДҮКЕН ИЕЛЕРІ МАСКА ЖӘНЕ ҚОЛҒАПСЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАҒАНЫ ҮШІН АЙЫПТАЛДЫ

Атырауа төтенше жағдай және карантин талаптарын орындауды қамтамасыз ету бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

«Анықталған құқық бұзушылықтар – гүл дүкендерінің жұмыс істеуі және азық-түлік дүкендері сатушыларының карантин кезінде санитарлық нормаларды сақтамауы (бетперде және қолғапсыз) болып отыр», – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда 1 дүкеннің иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабы (6-тармақшасы) бойынша әкімшілік іс қозғалған. Басқа тәртіп бұзушыларға шаралар қолданылуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button