АТЫРАУДА

БІРҚАТАР ДӘРІГЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУ СХЕМАСЫ ӨЗГЕРДІ

«2020 жылы бағасы қымбат болып келетін компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография, стоматология сынды қызметтерге ақы төлеу схемасы өзгерді. Бұрын қызмет ақысы консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін клиникаға тікелей аударылатын болса, биылдан бастап емханалар арқылы төленеді. Бұған дейін КТ, МРТ, ПЦР, ИФА-анализ сынды зерттеулер тек әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындарға тегін көрсетіліп келсе, биылдан бастап бұл мүмкіндікті сақтандырылған азаматтар да пайдалана алады.

Осы жерде стоматологиялық қызметтердің әлеуметтік осал топтарға ғана көрсетілетінін атап өткім келеді. Сақтандыру енгізілгенге дейін стоматологиялық көмек тек пациенттің тіркелген емханасы арқылы ғана көрсетілетін. Жаңа жүйенің арқасында аталған санаттағы азаматтар бұл қызметті еліміздің кез-келген жерінде пайдалана алатын болды. Мысалы, қаңтар айында Атырау облысының  пациенттеріне Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстарының, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының емдеу мекемелерінде стоматологиялық қызметтер көрсетілген, яғни, ақша пациенттің соңынан жүреді деген сөз»,- деді “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында.

Журналистердің сұрағына жауап берген филиал директоры, «стомотологиялық қызметтердің қатарына хирургиялық, терапевтік, ортодонттық ғана емдер кіретіндігін, сақтандырулы тұрған науқасқа жүрек қарыншасын ауыстыру секілді қымбат операция да тегін жасалатындығын және аударып тұрған жарна көлеміне қарамастан барлық адамға бірдей дәрежеде көмек берілетітіндігін» айтып өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button