АТЫРАУДА

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ШТАБЫ ЕСЕП БЕРДІ

  Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – жалпыға бірдей міндет екендігін атап өтті. 

Осыған орай 3 наурыз күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  үгіт-насихат штабымен атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында брифинг ұйымдастырды.

   Атап өту керек, 2019 жылдың соңында департамент жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат штабы құрылды.

  Штабтың мақсаты халықпен сындарлы диалог құру, кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жүргізу арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттау болып табылады.

         Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде штаб өз кеңсесін салтанатты түрде ашты. Штабты аталған оқу орнының проректоры Олжас Сүлейменов басқарды. Сондай-ақ құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, блогерлер және т.б кірді. Брифингте халықтың түрлі топтары үшін әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып өткізілген кездесулерінің қорытындылары айтылды. «Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне орын жоқ мемлекетті құруда азаматтық қоғамның күш — жігерін шоғырландыруға ықпал етеді», – depti штаб өкілдері.

Бұдан бөлек облысымыздың 7 ауданында тұрғындармен кездесу өтіп, штаб құрамына мүшелер шақырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button