АТЫРАУДА

ХАЛЫҚ САНАҒЫ – 2021: Атырауда тұрғын үйлерді жалпы аралау жұмыстары басталды

Негізгі кезеңді жүргізуге облыс бойынша 700-ден аса санақ персоналы жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Санақ персоналының қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, санақтың негізгі кезеңінің өтуі мерзімінде   нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлердің Атырау қаласының қоғамдық көліктерінде тегін жүруі ұйымдастырылды.

Бұл туралы брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов мәлімдеді.

–              Үй-жайларды жаппай аралау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін  полиция қызметкерлері іс-шараны өткізу кезінде қолдау көрсететін болады. Қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарында есепте тұрған адамдар  тұратын күрделі учаскелерде, саяжай алқаптарында учаскелік инспекторлар интервьюерлермен бірге жүретін болады, – деді ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button