Көлік жуамын деп аяғынан айырылды…(+ВИДЕО)

623bf179c6f0c225662565

Жаңаөзенде автожуу кешенінің қызметкерін көлік жаншып өтті. Зардап шеккен қызға тез арада операция жасалды.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр, қазір орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Науқасқа операция жасалып, дәрігерлер оның аяғын ампутациялаған.

«Kia жүргізушісі көлік жуу орнына жылдамдықпен кірген. Осылайша, іштегі көлікпен соқтығысқан. Дәл сол кезде әйел көлік жуып жатқан. Нәтижесінде инерциямен көлік қызметкерді қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді», — деді куәгерлер.

Айта кетейік, оқиға 22 наурыз күні таңертең Жаңаөзендегі «Empire» көлік жуу орнында болған.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: