АТЫРАУДА

КӨРШІЛЕР БІР-БІРІМЕН СОТТАСТЫ

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат М.Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, азамат М.Е. көршісінің ауласында өсіп тұрған теректің тамыры оның гаражын бүлдіретін болғандықтан, көршісінің рұқсатынсыз теректі кесіп тастаған.

Сотта құқық бұзушы М.Е. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындамады.

«Сотта жәбірленуші азаматша Г.А. өзінің көршісі оның ауласындағы биіктігі 3 метр болатын көпжылдық теректі кесіп, өзінің үйінің ауласына жинап қойғанын, көршісін кешірмейтінін айтып, оған заңды шара қолдануды сұрады.Сот қаулысымен М.Е. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді» – depti Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button