ҚазақстандаСАРАПТАМА

БИЛІКТЕ БІРҚАТАР АУЫС-ТҮЙІСТЕР ОРЫН АЛДЫ

Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

 Ол бұрын Қазақстан Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. Бұл лауазымға осы уақытқа дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі болған Дәурен Абаев тағайындалды.

Аида Балаева Президент көмекшісі ретіндегі орнын босатып, Ақпарат және қоғамдық даму минстрі міндетін атқаратын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button