АТЫРАУДА

КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН ТҰРҒЫН ЖАЗАЛАНДЫ

Атырауда жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды. Ол наурыз айында 

Махамбет ауданы әкімі телеграмм чатына Махамбет ауданы ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне келіп түскен қыз баланы «коронавирус» ауруына күдіктеліп жатқызылғаны туралы аудиожазба арқылы таратқан.

«Сот отырысында кінәсін толық мойындап, ондай іс-әрекетті енді қайталамайтыны және жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсеткен. Жәбірленуші құқық бұзушыға кешірім бермейтінін айтып көрсеткен», -деп хабарлайды Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен азаматша кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button