Мәжіліс депутаттары еңбек ұжымдарында болды

by Depti
0 views

   2022 жылдың 5-ші маусымында Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша елімізде Бүкілхалықтық референдум – дауыс беру өткізілетіні белгілі. Осыған орай халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарынан құрылған топ мүшелері өңірлерге іссапарға шығып, жергілікті тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен жүздесіп, келелі әңгімені арқау еткен кездесулер өткізуде.

Сондай басқосулардың бірі сейсенбі күні «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-нда ұйымдастырылды. Оған Мәжіліс депутаттары Сәлімжан Нақпаев, Нұрлыбек Ожаев және Дүйсенбай Тұрғанов қатысты.

    Жиынды акционерлік қоғамның президенті Мақсат Әленов кіріспе сөзбен ашып, қонақтарды кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен қысқаша таныстырды. Алғашқы сөз кезегін астанадан келген депутаттық топтың жетекшісі Сәлімжан Нақпав еншіледі. 

    – Өздеріңізге мәлім, бүгіндері елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде Жаңа Қазақстанда құру жолында саяси жаңғыру жұмыстары басталды. Мұнда көзделіп отырған басты мақсат – мемлекеттік билік тармақтарын бір қолға шоғырландырмай, оны әртараптандыру, яғни теңдей етіп бөліп беру. Яғни, суперпрезиденттік басқару жүйесінен кетіп, мықты парламенттік-президенттік жүйеге көшу. Осы тұрғыда межеленген шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен жасалатын қадамдарымыздың құқықтық негіздемесін қалап, заңдастырып алуымыз қажет. Ал , оның бәрі бастауын Ата заңнан алатыны кәміл. Сондықтан да осыған мүмкіндік туғызу үшін қолданыстағы Конституцияға түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Нақтысын айтқанда, өзгеріске ұшырайтын 30-дан астам бапқа қатысты бір жақты шешім қабылдап, қателікке жол бермеу үшін оны халықтың талқысына салу керек, деген ұйғарым жасалынды. Бұл ойын мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде ашық білдіріп, Бүкілхалықтық рефендум өткізу қажеттігін ұсынды. Мұны барша қазақстандықтар жылы қабылдады. Нәтижесінде, Президенттің биылғы 5 мамырдағы Жарлығымен 5 маусымда референдум өткізілетін болды. Мұның өзі сөз жоқ, барша қазақстандықтар, қоғамның өмірін өзгертетін аса маңызды шешім. Ендеще оған белсенділікпен қатысып, азаматтық позициямызды таныту – парызымыз, – деп түйіндеді ойын Сәлімжан Жұмашұлы.

    Әріптесінің пікірін өзімен бірге кездесуге келген Мәжіліс депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов пен Нұрлыбек Ожаев та қостады.

Дәулетқали АРУЕВ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com