Мәжіліс депутаты Қызылқоға ауданындағы Көздіқара ауылы тұрғындарымен кездесті

by Depti
0 views

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында депутат Қызылқоға ауданына арнайы сапармен барып, Көздіқара ауылы тұрғындарымен кездесті.

Көздіқара ауылының тұрғындарымен кездесуде депутат 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдум туралы ақпарат берді.

«Референдум – заман талаптарына сай жаңаратын Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған қадам. Референдумға қатысу арқылы біз, Конституцияны өзгертуге ықпал етеміз. Сол арқылы біз шын мәнінде халыққа қызмет ететін мемлекет құрамыз» деп атап өтті депутат.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты партияларға байланысты қойылып отырған жаңа талаптар, Президент туыстарының мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуіне қатысты шектеулер, Елбасы мәртебесіне қатысты бірқатар сауалдарға жауап берді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com