АТЫРАУДА

МАҚАТТЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Жуырда Мақат аудандық орталық мешітінде он екі отбасыға азық таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асқан игі іс осылайша әлеуметтік жағынан осал топтарды қамтыды. Азықпен бірге мұқтаждарға бір жылқы малының еті үлестірілген.

«Қазақта «Кемедегінің жаны бір» деген керемет халық нақылы бар. Біз бірігіп, өзара жақсылыққа, дұғаға ұмтылғанда ғана бұл сын сағаттарды да өткереміз», – дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button