АТЫРАУДА

МАССАЖ ЖАСАЙМЫЗ ДЕП БАСТАРЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ

Атырауда боди-массаж ұсынған 3 әйел ұсталды.

Атырау облысы аумағында 19-24 қыркүйек күндері адам саудасына байланысты қылмыстардың жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық ғимараттарын және тағы да басқа жезөкшелер мен притондардың болуы мүмкін орындарды тексерді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары 10-нан астам жеңіл жүрісті қыздарды есепке алды. Олардың басым көпшілігі ғаламтордағы​ сайт арқылы жыныстық қызметтер көрсетумен айналысып келген. Ал ​үш әйел қаладағы қонақүйлердің бірінің саунасында интимдік қызмет көрсеткен жерлерінен анықталып, ұсталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде ​массаж салонынан боди-массаж қызметін көрсеткен 3 әйел анықталып, профилактикалық есепке қойылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button