АТЫРАУДА

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ НАЗАРЫНДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ірі жобаларды іске асыру барысына күнделікті мониторинг жүргізу тәжірибесін енгізді. Мониторинг конкурс жарияланған сәттен бастап жүргізіледі, бұл алғашқы сатыда бюджеттік қаражаттың тиімсіз пайдаланудың ықтимал белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу үдерісіне 18 мыңнан астам тапсырыс беруші мен 80 мыңнан астам өнім беруші тартылды. Мемлекеттік сатып алу көлемінің жыл сайынғы өсу үрдісі байқалды.  2016 жылмен салыстырғанда бюджет бұл салаға жұмсалатын шығындарды 3 есеге арттырды(1,4 трлн-нан 5,8 трлн-ға дейін). Бүгінде бұл сома 6 трлн теңгені құрайды. Бұл елдің барлық шығындарының жартысы (12 трлн). Квазимемлекеттік сектор жүйесінде бұл сома бірнеше есе көп. Бюджет қаражатының мұндай айналымы тиісінше жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады. Оның дәлелі-біздің күнделікті тәжірибеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тіркейтін әрбір алтыншы сыбайлас жемқорлық фактісі(1706-дің 305-і) мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. Олар бойынша шығын көлемі 2,5 млрд теңгені құрады» – depti Атырау облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button