АТЫРАУДА

КОРОНОВИРУС ҚАНДАЙ ЗАТТАРҒА ҚОНАДЫ?

Елімізде короновирусты жұқтырғандар саны 49 жетті. Бұл цифрлар сақтық шараларын күшейтуге итермелейді.  Күнделікті қолымыздан түспейтін ұялы телефонда вирус 5-6 күн сақталады екен.

«Қауіпті вирус адамнан тарағаннан кейін, ол ауада қалықтап жүрмей, міндетті түрде бір заттың үстіне қонады.  Көбінде адамдар ұялы телефонды белсенді падаланады. Ұялы телефон, пластик, металлда және т.б. заттарда короновирус 5-6 күнге дейін сақталады. Сондықтан адамдардан жеке бас тазалығын сақтап, ұялы телефон және т.б. күнделікті пайдаланатын заттарын спирт ерітіндісімен тазалап, сүртіп тұруын сұраймыз» – depti Атырау облысы дезинфекция мекемесінің басшысы Бауыржан Кощанов.

Ескертеміз, Атырау облысында короновирус дерегі тіркелген жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button