АТЫРАУДА

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР АНЫҚТАЛДЫ

Қазан айының алғашқы аптасында тойланатын білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Атырау облыстық балаларды оңалту орталығында «Мамандығым мақтанышым» атты педагогтардың байқауы өтті.

Сайыс орталық мамандары арасында ерекше білімді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарын жүргізу, педагогикадағы үздік тәжірибелерді анықтауды мақсат етті. Педагог-психолог, логопед, дефектолог, Монтессори педагогы мен тәрбиешілер бақ сынаған сайыста сала мамандары өзін-өзі таныстыру, жетістіктер портфолиосын қорғау және ситуациялық сұрақтарға жауап беру сынды дағдыларын ортаға салды. Білім беруде ерекше тәсілдерді іске асыра отырып нәтижеге бағытталған жұмысты атқаруға асығатын педагогтар өзара тәжірибе алмасып, ортақ шешімдерге жетудің жолдарын қарастырды. Конкурста оңалту орталығының қызметкерлері баламен жұмыс істеудің жеке және топтық үлгілерін, теория мен тәжірибеге негізделген әдістемелік мысалдарды ұсынды.

Білім берудегі жаңа технологияларды пайдалану, «тренд ұғымдар», әлсіз және мықты тұстарды анықтау бойынша әрбір педагогке қазылар алқасының мүшелері кері байланыс беріп, мамандардың әрі қарай дамуына қажет дағдыларды атап өтті.

«Конкурс мен үшін ойдағыдай өтті. Әрине, толқу болды. Өйткені, көп жылдық жұмысыңды бір күнде таныстыру, барлық біліміңді жоғары деңгейде көрсету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Конкурста әріптестерімнің еңбегі мен олардың ерекше балалармен жұмыс істеудегі сүйіспеншілігіне риза болдым», – дейді байқауға қатысушылардың бірі, орталықтың педагог-логопеды Фариза Төлегенова.

Мамандардың жылдар бойы жиған тәжірибелерін таныстыруға арналған байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Орталық басшысы Бибігүл Жұмалиева әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, білім беру саласында балаға деген махаббат пен адалдықтан аттамауға шақырды.

✍️ Атырау облыстық балаларды оңалту орталығының баспасөз қызметі

Атырау Облыстық Білім Басқармасы

Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы

#АОДРЦ #AtyrauKidsReabilitationsCentre #МамандығымМақтанышым

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button