АТЫРАУДА

Орта мектептегі онкүндік

Х.Доспанова атындағы орта мектебінде бастауыш сыныптар  бойынша онкүндік өтті.

      Бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ.

 «Адам ұрпағымен мың жасайды», «Не ексең соны орасың»-дейді қазақ нақылы. Замана ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып,еліміздің барынша қабілетті елу елдің қатарына қосу.Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңі болашағы-жастарға білім мен тәрбие беретін-мектеп болады.Қазақтың дарынды ұстазы А.Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек.»-деген екен.Ертең осы елге ие болып,тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушылары.Бүгінгі бастауыш сынып балаларына арналған жаңа буын оқулықтары жаңаша оқытуды,баланың оқуына ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды талап етеді.Баланың жеке басын дамытудың басты кепілі-сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

 Қазан айының  18.010-29.10.2021  аралығындағы «Бастауыш  сыныпта  тиімді әдіс –тәсілдер сапалы сабақ кепілі» атты   тақырыбында мектебімізде бастауыш класс бірлестігінің онкүндігі өткізілді.

Апталықтың мақсаты:  Мұғалімдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, құзырлығын және сабақ беру  әдістемесін үздіксіз  жетілдіру;  шығармашылық деңгейінің жоғары сатыға жетуіне ықпал ету.

  Бастауыш сынып мұғалімдері оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып  жетекшілері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:

– оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;

– сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.

Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.

      Бұл апталықта бастауыш сынып мұғалімдері оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын.

Г.Кадирбаева,

бірлестік жетекшісі                                                   

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button