ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ — АТЫРАУДА
![ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ — АТЫРАУДА 1 img 20220525 wa0057](https://depti.kz/wp-content/uploads/2022/05/img-20220525-wa0057.jpg)
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шапхат Өтемісовтің қатысуымен Атырауда сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті.
Онда мемлекеттік ұйымдар мен сайлау учаскелерінің материалдық дайындығы жан-жақты пысықталды.
Шапхат Әнесұлы саяси науқанның маңыздылығы мен өзектілігін айрықша атап өтті.
Айта кетейік, Атырау облысында барлығы 261 референдум учаскесі бар. Оның 11-і — жабық учаскелер, олар аурухана, уақытша қамау изоляторы, әскери бөлімшелерде орнатылған.
«Қазір біз дауыс беретін азаматтарды ақпараттандыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Мемлекеттік маңызды іс-шараның өту барысы, мерзімі, орны және басқа да қажетті мәліметтерді таратудамыз» дейді облыстық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ