Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып жарыс жолына таеквондошы Жансель (Жансәуле) Дениз шықты, – деп хабарлайды atr.kz
67 келіден жоғары салмақта Жансель Дениз алғашқы айқасын өзбек спортшысы Светлана Осиповаға қарсы өткізді.
Тартысқа толы өткен жекпе-жекте қазақ спортшысы жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды. Есеп – 10:9.
Отандасымыз бірінші раундта 4:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта 1: 8 есебімен жеңілді, ал үшінші раундта Дениз 5:1 есебімен басым түсті.
Енді ол ширек финалда британиялық Бианка Уолкденге қарсы шығады.
Ширек финал бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 11:30-да өтеді.