АТЫРАУДА

ОТСТАВКАҒА КЕТПЕЙТІН ШЕНЕУНІКТЕР

Мемлекеттік қызметтегі  сыйбайлас жемқорлықпен күресу жүйелі түрде іске асып жатыр.

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 60-бабының
3-1-тармағына сәйкес саяси мемлекеттік қызметшілер тағайындалған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін оларға тікелей бағыныстағы лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға кетеді екен. Сонда, тағайындалғанына  үш ай толмаса орнын босатпайды ма? Жалпы қандай жағдайда отставкаға кетпеуі мемкін?

«Саяси мемлекеттік қызметшілер төмендегі жағдайларда отставкаға бермейді:

1) егер олар лауазымға тағайындалған кезден үш айдан кем мерзім өтсе;

2) қылмыстық әрекет 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін орын алса;

3) қылмыс жасаған тұлға үшін отставкаға беру заңның тура нормасында қаралмаған болса (мысалы, ведомство төрағасының қылмыс жасағаны үшін министр емес, оның орынбасары жауапты);

4) қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы күшіне енген сот актісі немесе заңда белгіленген нақты негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы акт болмаса отставка да болмайды» – depti ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button