АТЫРАУДАCOVID-19

Пандемияны жеңудің жалғыз жолы

Атыраулықтар белсенді түрде вакцинациялауды бастады.

Атырау облысында 152 653 адам вакцинацияның I компонентін алды, 111 372 адам II компонентпен егілді. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен жиын барысында айтты.

Бұл арада Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының есебінен белгілі болғандай, соңғы 10 күн ішінде облыста егілгендердің саны 13%-ға өсті.

– Қазіргі уақытта адамдардың екпеге деген көзқарасы жақсы жаққа өзгеруде. Олар коронавирустан қайтыс болып жатқан адамдарды көріп және вирусты жеңудің жалғыз жолы вакцинация екенін түсінуде.

Студенттер арасында вакцинацияның өте төмен көрсеткіші бар, облыста оқушылардың 35% ғана егілді, – деді Асхан Байдувалиев.

Оның айтуынша, вакцинация орталықтары барлық келушілерді қабылдайды, вакцина дозасының жетіспеушілігімен ешқандай проблема жоқ. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталғалы бері облысқа І компоненттің 170295 дозасы мен ІІ компоненттің 138,695 дозасы жеткізілді.

Ләззат СӘЛІМОВА

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button