Премьер-министр Атыраудағы қымбатшылыққа шүйлікті

by Depti
0 views

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатаң сөгіс беру керектігін айтты.

Ол бұл тапсырманы орындауды аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовке жүктеді. Бұл туралы “Сaspianlife.kz” жазады. Әкім орынбасарының сынға  ілінуінің бірден-бір себебі, облыстағы тамақ бағасының қымбаттауы. Өйткені, Қайрат Нұрлыбаев осы салаға жауапты.

Жалпы, елімізде биыл тамақ бағасы 3,2 процентке артқан . 6 сәуірдегі жағдай бойынша, басқа өңірлермен салыстырғанда Атырау мен Жамбыл облыстарында азық-түлік бағасы айтарлықтай көтерілген. Ал ШҚО мен Ақмола облысында катты өсім байқалмайды. Бұл жағдайға байланысты  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов та пікір білдірді. Оның сөзінше, жергілікті әкімдіктер тиісті іс-шараларды жасай алмай отыр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com