АТЫРАУДАҚазақстанда

ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАДА САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ РЕЖИМ ОРНЫҚТЫ

Осыған орай, бірқатар шектеу қойылып, ішкі тәртіп нығайды, – depti Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мәселен, перзентханаға келген жүкті әйелдер алдымен «сүзгі» орталығынан өтеді. Мұнда дәрігерлер, қауіпті індеттің алдын-алу мақсатында тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізіп, науқаспен сұрақ-жауап алмасады. Әйелден короновирус инфекциясы анықталмаған жағдайда ғана перзентханаға қабылданады. Әйтсе де, алдын-ала , залалсыздандыру аймағынан өтіп, тиісті бөлімшеге жатқызылады. Ал, ішкі жүріп-тұру қағидасы бойынша, әр бөлімге карточкалық жүйе енгізілген. Яғни, қызметкерлер себепсіз бөлімшеден шықпайды. Сондай-ақ, мұндағы лифт тетігін қолмен басуға қатың тыйым салынған және әр есіктен өткен сайын қолды залалсыздандыру міндеттелген.

-Босану залына серіктес кіргізілмейді, перзентханадан шығару рәсімі өтпейді, ғимарат ішінде фото-видео түсірілім жасауға болмайды  – деді, қалалық перзентхана директоры Гүлзейнеп Дюсупова

Бұдан бөлек, аталған режимге байланысты, сырттан тамақ қабылдауға тыйым салынған. Тиісінше, асханадан 4 мезгіл ас таратылады. Ал, әлеуметтік желідегі алып-қашпа әңгімеге  перзентхана басшысы:

-Осыған дейін, екі мезгіл сырттан қабылдау болып, 3 мезгіл тамақ берілген болса, енді карантин жағдайына байланысты, сырттан тамақ қабылдауға тыйым салынып, іштен 4 мезгіл тамақ берілетін болды. Сондай-ақ, әр постқа диспансер қойылды Әр әйелге берілетін тағамның өз мөлшері бар. Біз ол нормативтен асып кете алмаймыз.Өйткені бұл жағдай аяқталғаннан кейін бізді де тексереді. Мұның барлығы ана мен баланың саулығы үшін қабылданған шешім. Босанған әйел екі тәулікке ғана  асхананың тағамын ішіп, шыдауға тиіс – деді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button