АТЫРАУДА

ҚАЛАНЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНДА ТҮЙІСТІ…

Атырау қаласында 8 қараша күні, сағат 09:00 шамасында Ерниязов-Құлманов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Lada Priora» маркалы автокөлігі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жол – Ерниязов көшесімен келе жатқан «Hyundai Solaris» автокөлігіне соқтығысқан. Соқтығыс екпінімен Hyundai Solaris автокөлігі жаяу жүргіншілер жолын жарықтандырып тұрған бағанаға түйісті. Жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталуда» делінген хабарламада.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button