АТЫРАУДАҚазақстанда

Құртқа қарсы күрес басталмақ

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Шаруалардың жерлеріне құрт көбелектердің қаптауына байланысты улау жұмыстарын жүргізетін мекемелер мен арнайы мамандар шақырту қажет» depti.

Ол Махамбет, Индер аудандары мен қала маңындағы шаруалардың жерлеріне құрт көбелектердің қаптап түсіп, егін аймақтарына зиян келтіру жағдайына қатысты нақты тапсырма берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:

«Осыған байланысты салаға жауапты орынбасарыма нақты тапсырма бердім. Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша аудандарда жедел жұмыстарды ұйымдастырып, улау жұмыстарын жүргізетін мекеме мен арнайы мамандар шақыру қажет. Олар тез арада жұмысқа кірісуі тиіс.»

Сонымен қатар, Серік Шәпкенов жауапты басшылардың шаруаларды ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуін, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын жазды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button