АТЫРАУДА

Қызылқоға әкімі атысқа қатысты жауап берді

Жақында Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВТІҢ қатысуымен өткен брифингте оған 30 қазанда Сағыз ауылы маңында оқ атылған жаппай төбелестің салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам жараланғанын еске салды.

Бұл жағдай қайталанбас үшін жергілікті билік не істеп жатыр деген сұрақ қойылды.

– Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрі сотта шешіледі. Біз өз кезегімізде мәдени-спорттық шараларды қамтитын кешенді жоспар жасадық. Жасөспірімдер мен жастар арасында да профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз, – деді әкім.

Орынды жауап деп айту қиын. Өйткені сол қанды «төбелеске» 40 жасқа келген отағалары қатысты. Ал сағыздықтар оның қытайлық компания осы жерде салып жатқан жол құрылысына байланысты «экономикалық» астары бар екеніне сенімді.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

«Ақ Жайық»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button