Қызық: АТЫРАУДА ЕРЕКШЕ АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

by Depti
1 views

Ақшаңды көбейтіп беремін деп тұрғындардың 4 млн теңгеге жуық теңгесін алдап иемденген күдікті ұсталды.

– Атырау қалалық Полиция басқармасына 1982 ж.т  жергілікті тұрғын арызданып, әлеуметтік желі арқылы белгісіз азамат ақша берсең, көбейтіп беремін деп алдап кеткені туралы арызданды. Яғни, салған ақшаң әр ай сайын  пайызбен еселеніп қайтарылатын болады деп сендіріп, жәбірленушіден жалпы суммасы 3 859 500 теңге ақша алған.
Тәртіп сақшылары тұрғынды алдаған 1984ж.т қала тұрғынын анықтап, ұстады, -деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3 бөлігі «Алаяқтық» фактісі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Атырау облысының полицейлері  азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес береді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com