ШҰҒЫЛ: Атырауда көліктер шетінен аударылып жатыр…

by Depti
0 views

Атыраулық полицейлер ауа райына байланысты жолда сақ болу қажеттілігін ескертеді.

Қар түсіп, тайғақ басталғалы Атырауда патрульдік полиция батальонының жұмыс жүктемесі арта түсуде. Өйткені, автокөліктердің жолдан тайып кетуі жиілеп, апатты жағдайлар жиілеуде.

Мәселен, 27 желтоқсан күні сағат 08:00 шамасында Атырау-Доссор тас жолының 594 шақырым тұсында қала бағытынан келе жатқан
Volkswagen Polo маркалы автокөлігі тайып кетіп, алдында келе жатқан маркасы Toyota Hilux маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Соққы екпінімен
Toyota Hilux автокөлігі жол жиегіндегі электр бағанасына соқтығысқан.

Одан басқа, 27 желтоқсан күні сағат 08:20 шамасында
Opel Zafira маркалы автокөлігі Атырау-Орал тас жолы, Алмалы тұсында метеорологиялық жағдайды ескермей, басқару  жүйесін игере алмай жол жиегінде тұрған электр бағанасына соқтығысқан.

Қыс айларында қолайсыз ауа райы салдарынан қыс бойы жолда жүру қауіптілігі  артатыны анық. Сондықтан патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге дер кезінде қыстық дөңгелектерін салып, сақтық шараларын жіті сақтауды ескертеді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com