АТЫРАУДА

«Сарайшық» музей-қорығының жаңа баспа өнімдері жарық көрді

«Ұлық Ұлыс-Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Сарайшық» музей-қорығының дайындауымен «Ортағасырлық Сарайшықтағы тарихи ескерткіштер» және «Сарайшық жәдігерлері» жинақтары жарық көрді.

«Ортағасырлық Сарайшықтағы тарихи ескерткіштер» жинағында Сарайшық аумағындағы мәдени мұра ескерткіштері, олардың зерттелу жайы, ескі құлпытастардағы деректер берілген.

«Сарайшық жәдігерлері» кітап-альбомы Сарайшық қазбасынан табылып, еліміздің музейлерінде сақтаулы жәдігерлер туралы ақпараттармен қамтылған.

Екі жинақта ел тарихына қызығушылық танытқан қалың бұқараға арналған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button