«Сергек» камералары атыраулық жүргізушілерді аяп жатқан жоқ

by Depti
0 views

Атырауда «Сергек» бейнебақылау камералары арқылы 550 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Мәжитовтың мәліметінше, Атырау қаласында былтырғы 10 қыркүйекте «Сергектің» 2 748 камерасы іске қосылған. Оның ішінде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейтін 1 224 камера бар. Атырауда «Сергек» жүйесіндегі бейнебақылау камералары іске қосылғаннан бері 61 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркеліп отыр. Құқық бұзушыларға салынған айыппұл көлемі 550 млн теңгені құрады. Оның ішінде айыппұлға келіспеуге қатысты 492 өтініш берілді. Өтініштерді зерделеу нәтижесінде 477 хаттаманың күші жойылды» -дейді Руслан Мәжитов.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com