Жегі құрттай жайлаған жемқорлықпен жұмыла күресу әрбір азаматтың міндеті.
“Мен-мен” деген мемлекеттердің іргесін санаулы жылдарда сөге салатын кеселдің қауіпі мұнайлы мекенімізді де айналып өтпей, балағына жабысқан құрт секілді төске өрлеп барады. Сондықтан да, парақорлыққа қарсы күрес барынша күшейтілуде.
Осыған орай, «Атырау- адалдық алаңының» Қызылқоға аудандық жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Спорт- адалдық пен әділдіктің әлемі» тақырыбында шахматтан турнир өткізілді. Шахмат- ақыл-ойдың спорт түрі. Әлемдегі кең таралған ойын саналатын спорт түрімен ауданда ерікті жастармен қатар ересектер де хоббиге айналдырып алған. Осындай ой өрісті машықтандыратын ойын түріне ерікті түрде қатысқан азаматтар ақыл-ойды сынға салды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау, ашықтық пен парасаттылықты ұстаным еткен Ерлан Аққайнанов жүлделі бірінші орын иеленсе, екінші орынды Карин Өмірзақ, үшінші орынды Сәрсенғалиев Төлеген иеленді. Аталмыш турнир жеңімпаздары арнайы дипломдар мен сыйлықпен марапатталды.
Айсәуле АРДАҚҚЫЗЫ