ШҰҒЫЛ: АТЫРАУДА АУА РАЙЫ КҮРТ ӨЗГЕРМЕК

2109241549240901g

15 желтоқсанда Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с деп күтіледі.

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 15 желтоқсанда Атырауда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 15 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік-батыстан, күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда 15 желтоқсанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с деп күтіледі.

15 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда 15 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. 15 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкентте кей жерлерде тұман күтіледі. Түркістанда 15 желтоқсанда түннің бірінші жартысында тұман күтіледі. 15 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман болады.

Батыста және облыс орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, батыста және облыс орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Ақтауда шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. 15 желтоқсанда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: