АТЫРАУДАCOVID-19

Шұғыл: АТЫРАУДА БАС САНДӘРІГЕР ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 10 ақпандағы №3 «Білім беру ұйымдарында шектеу іс – шараларын алып тастау туралы» қаулысы шықты.

Білім беру ұйымдарында

шектеу іс – шараларын

алып тастау туралы     

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы   7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 5-тармағына және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің   2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығының 12-тармағына сәйкес

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы Білім беру басқармасы,меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан барлық түрдегі білім беру ұйымдары басшылары:

1) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін.

2.Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы  5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

3.Атырау облысының  Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігерінің  2022 жылғы 31 қаңтардағы «Атырау облысының карантиндік шектеу шараларын  кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» №2 қаулысының 4 тармағының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.А.Бекешеваға жүктеймін.

5.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

М.Танауов,

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                                     

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button