АТЫРАУДА

ШҰҒЫЛ! Атырауда өрт шыққан емханадан 45 адам сыртқа шығарылды…

26 қараша күні сағат 12.34-те 101 пультіне  Алмагүл 35 шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан № 7 Атырау қалалық емхана ғимаратында түтін шықты деген хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген кезде, емхананың 3 қабатты ғимаратының 2-қабатында жалпы ауданы 18 ш.м. терапия меңгерушісінің кабинетінде дербес компьютердің жанғаны анықталды.

Емхана ғимаратынан 45 адам, оның ішінде 6 бала дереу эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлерінің жылдам әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 12.45-те ауыздықталып, сағат 12.49-да толығымен жойылды. Өрттің алдын ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД-нің 20 қызметкері мен 6 техникасы, Апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button