Жоғалған қойшыны іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
12 ақпан күні сағат 09.15-те, Жылыой ауданында Құлсары қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Сарықаска участкісінен 27 қаңтар күні Құлсары қаласына қарай жаяу шығып, осы уақытқа дейін оралмаған 1956 жылы туған қойшының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Іздестіру жұмыстары “Үлкен төбе”, “Сарықасқа” және “Бекжал” жер участкілерінде жүргізілді.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 қызметкері мен 1 техникасы, аудандық полиция бөлімінің 4 қызметкері, 1 жергілікті тұрғын қатысты.
“Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы”