Тасада қалған Тәуелсіздік…

by Depti
1 views

      Мерекеге толы желтоқсан айы… Осы ай басталысымен біздің жұрт жаңа жылға қызу дайындық бастайды. Толып жатқан акция, жаңа жылдық жеңілдіктер, еліміздің сауда орталықтарында мерекелік заттар сатылымға шығып үлгереді.

     Жекеменшік сауда үйлері үшін тәуелсіздіктің құны көк тиын. Сауда нысандарынан көк тудың желбіреп тұрғанын емес, керісінше жарқ-жұрқ еткен ойыншықтар мен шыршаларды ғана көресің. Бұны көрген халқымыздың көңіліңе патриотизм ұялауы екі талай. Қазақ мемлекеті үшін бұл күн қаралы күн болуы керек еді. Тәуелсіздік мерекесінің жаңа жыл секілді маңызға ие бола алмағаны тым өкінішті.

      Жылда Тәуелсіздік күні шыршаның көлеңкесінде қалып қояды. Желтоқсан айы келісімен, 16-сынан  31-інші желтоқсанға аттап өтеді.Тұғырлы тәуелсіздігімізді мектеп пен балабақшада тәрбие сағатын көрсетумен ғана шектелеміз. Сонда біздің ұрпақ тәуелсіздігіміздің маңызын қаншалықты ұғына алып жүр? 

        Осы тақырыпта сан рет айтылып, жазылып жүр. «Айта-айта аузымыз ауырып, жаза-жаза қолымыз жара» болды.Әрине, қазақ халқы санасына әбден сіңіп, жүрегін жаулап алған жаңа жылды алып тастап, орнына “Тәуелсіздікті”тойлап кете қоймасын жақсы білемін. Әйтсе де, ұлттық құндылықтарын қастер тұтатын, өзін-өзі сыйлап, өзгелерге де сыйлата алатын, ұлттық намысы өте күшті, ертеңіне деген сенімі мықты, еңсесі биік ел боламыз десек, тәуелсіздіктің қадіріне жете білуіміз қажет.Үнемі жаңа жылдың тасасында қалып қоя беретін Тәуелсіздік күнінің мерейі үстем болатын күнге қашан жетеміз?    

     “Жаңа жылды тойлама, шыршаны орнатпа” демейміз. Алайда, еліміз үшін “Тәуелсіздік күні” маңыздырақ. Себебі, сол “Тәуелсіздік” болмаса, Жаңа жылды тойлар ма едік?…

Айдана Рафикқызы,

Журналистика кафедрасының 3-курс студенті

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com