«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2022 жылдың 1 наурызында Теңіздің өндірістік аймағынан тыс жерде орналасқан мердігер компанияның өндірістік цехынан өрт шыққаны жайлы хабардар болды.
Видео:
https://youtube.com/shorts/UymCYXh_Toc?feature=share
ТШО-ның өрт және апатты тойтару қызметі оқиға орнына дереу жетті. Мердігер компанияның бірнеше қызметкері қауіпсіз жерге көшірілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиға жайлы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Аталған оқиғаға қатысты қосымша сұрақтар ғимарат иесіне немесе тиісті мемлекеттік органға жіберілуі керек.