ТШО-ДА 39 МЫҢ АДАМ ҚЫСҚАРМАҚ

by Depti
5 views

2022 жылы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады. 

Кен орнындағы «Келешек кенею» жобасының аяқталуына байланысты жұмыстан босайтындардың 45 проценті жергілікті тұрғындар екен, деп хабарлайды Ақ Жайық Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Енді келер жылы өңірде жұмыссыздар саны күрт өсуі мүмкін. Жаңа жылдың алғашқы 3 айында 7 мың жұмысшы қысқартылады. Оның 3 мыңға жуығы Атырау обылсының тұрғындары. Десе де, «Теңізшевройл» компаниясы жұмыссыздар санының күрт өсіп кетпеуі үшін шаралар қолға алынып жатыр. «Келешек кеңею» жобасын жүзеге асыру барысында 16 мыңнан астам адам компания есебінен оқытылыпты. Ал жұмыспен қамту басқармасындағылар жұмыстан босағандардың екі қолына бір күрек табылады деп отыр. 

  • Қысқарған жағдайда өздеріңіз білесіздер мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов. 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com