2021 жылдың I жартыжылдығына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы туралы мәлімет жарияланды.
Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылдың 6 айында – 18 973 (жеке тұлғалардан – 15 153, заңды тұлғалардан – 3 820), 2020 жылғы салыстырмалы кезеңінде түскен өтініштер бойынша 4,1%-ға өсім байқалады (2020 ж. – 18 211 өтініш түскен).
Өтініштердің артуы негізінен жұмыспен қамту, білім беру және денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету, карантин режиміндегі кәсіпкерлік қызметке қатысты рұқсат беру және т.б. мәселелермен байланысты.
Облыс тұрғындарымен көтерілетін өзекті мәселелер негізінен жер бөлу – 8 847, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 2646, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 2122, білім беру – 1157, денсаулық сақтау – 528, салалар бойынша қалыптасып отыр.
2021 жылдың 6 айында жергілікті атқарушы органдарға азаматтардан түскен өтініштердің 2155-і қанағаттандырылған. Олар: жер бөлу – 641, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 454, құжаттандыру және азаматтық хал актілерін тіркеу – 317, білім беру – 148, құрылыс – 92, денсаулық сақтау – 54, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 45, ауыл шаруашылығы – 40, кәсіпкерлік – 11 және т.б. мәселелері бойынша – 353.
Облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен есепті кезеңде
1204 азамат жеке қабылданды, қабылдау нәтижелерімен 197 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 1007-іне заңға сәйкес түсінік берілді. Шешімін тапқан мәселелер тізбесі: жер бөлу – 43, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 83, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 59, денсаулық сақтау – 4, құрылыс –1, кәсіпкерлік –1, т.б. мәселелер бойынша – 6.
Сондай-ақ, әр-түрлі мәселелер бойынша облыс әкімдігінің фронт–кеңсесіне 732 азамат өтініш білдірді. Олардың: 213 – тұрғын үй, 115 – денсаулық, 25 – әлеуметтік көмек, 48 – білім, 85 – жұмыспен қамту, 40 – жер, 14 – заң атқарушы органдарға қатысты, 6 – жол салу, 18 – кәсіпкерлік, 13 – құрылыс, 5 – ономастика, 9 – ауыл шаруашылығв, 7 – қаржы, 134 – т.б. мәселелер бойынша. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.
Жалпы азаматтарды қабылдау барысында қоғамдық ұйымдармен бірлескен меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.
Азаматтардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараттық және талдамалық материалдар жергілікті БАҚ және Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ай сайын жарияланып отырады.
Қазіргі пандемия кезіне қарамастан азаматтарды жеке қабылдау жұмысында әкімшілік кедергілер орын алған жоқ. Бұл ретте, қабылдау барысында тиісті қауіпсіздік шаралары алына отырып, онлайн және офлайн форматында қабылдаулар ұйымдастырылуда.
Жергілікті атқарушы органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жұмысы әрі қарай жалғастырылатын болады.
Ақпарат ретінде беріледі.
12.07.2021ж.