АТЫРАУДА

ҮЙ АЛУҒА НИЕТТІ ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА

«Үй құрылысын салушы мекеме әкімдіктің рұқсатынсыз үлескерлердің қаржысын үй құрылысына тарта алмайды» – depti  Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындарына, әсіресе тұрғын үйдің үлесіне қатысып алуға талпынып жатырған азаматтардың назарына:⠀

– ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңына сәйкес (5-тарау, 18 бабы), құрылыс салушы мекеме жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) рұқсатынсыз үлескерлердің ақшасын тарта алмайды.

Үлестік қатысу арқылы пәтер алуды жоспарлаған азаматтар тұрғын үй құрылысын жүргізетін мекеменің рұқсаты бар немесе жоқ екенін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен біле алады.⠀

Сондай-ақ, үлескерлерден ақша жинауға рұқсат алған компаниялардың тізімі қала әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында жарияланады.⠀

Үлескерлерден ақша жинауға рұқсат алған компаниялар: «Solar kz» ЖШС, «AS Parking» ЖШС, «New Capital Investment» ЖШС,  «Болашақ-Т» ЖШС

Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі: 8 7122 20 44 16 (17) gor_arh@atyrau.gov.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button