АТЫРАУДА

ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІМЕН АЙНАЛЫСҚАН АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

Экономикалық тергеу Департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз ойын бизнесімен айналысқан жылыойлық тұрғынды анықтады.

Оқиға орнынан 3 дана «SAMSUNG» маркалы теледидар, 1 дана «Qmax» маркалы компьютерлік жүйесі, 1 дана «LG» маркалы монитор, 4 дана «Smart» маркалы камера және ақша қаражаты тәркіленген.

«Бұл айыпталушыға қатысты тергеп тексеру амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды. Сот шешімімен азамат ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, жазаны өтеу мерзімі ішінде 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылуға жазаланды», – дейді Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button