АТЫРАУДА

«АТЫРАУ-АСТРАХАН» АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПОЙЫЗҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

17 наурыздан бастап Қазақстан мен Ресей арасында жүретін тікелей халықаралық жолаушылар пойыздары уақытша тоқтатылды.

Оның ішінде Атырау облысының аумағы арқылы өтетін «Атырау-Астрахан» халықаралық бағыттағы пойыздың да қозғалысы шектелді.

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның хабарламасына сәйкес және жаңа коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 17 наурыздан бастап арнайы нұсқаулықтарға дейін тікелей халықаралық жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды», – деп жазылған Ресей темір жолдарының хабарламасында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button