АТЫРАУДА

«ТЕҢІЗ» КЕН ОРНЫ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛАДЫ МА?

 Төтенше жағдай жарияланғалы адамдар көп шоғырланатын мекемелер өз жұмысын тоқтатты. Атырау қаласында ірі сауда орталықтары, кинотеатрлар, фитнес клубтар және т.б.  өз жұмысын уақытша  тежеді.  Ал «Теңіз» өндіріс ошағында  35 мыңнан аса адам еңбек етеді. Олардың дені «ТеңізШеврОйл» АҚ мен оның  мердігер  компаниялары. Енді өндіріс орны карантинге жабылады ма?

«Тенгиз  кен орны қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Тек, санитарлық жағдай мен дезинфекциялау  күшейтілді. Қауіпті вирусты алдын алу мақсатында 286 карантин орындары әзірленді. Дәрігерлерге керекті құрал жабдықтар мен дәрі-дәрмектер жеткілікті. Мұқтаж болған жағдайда 100 медицина қызметкерлерін алдыру қарастырылып отыр » – depti  «ТеңізШеврОйл» АҚ-ның Үкімет және Қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Айта кету керек, «Теңіз» кен орнында  короновирус дерегі тіркелген жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button