АТЫРАУДА

КОРОНОВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ АТЫРАУДАҒЫ АХУАЛ: НЕШЕ АДАМ КАРАНТИНДЕ?

Өкінішке орай Қазақстанда короновирус жұқтырған 27 азамат тіркелді. Осы ретте Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Байтолла Ғазизовтың қатысуымен  баспасөз мәслихаты өтті.

«Короновирусты жұқтырғандар Нұр-Сұлтан,  Алматы қалаларынан анықталды. Ал, Атырау облысында короновирус жұқтырғандар мүлде тіркелген жоқ.  Қазіргі уақытта короновирус анықталған адамдармен бір ұшақта болған  6 адам карантинде жатыр.  Өңірімізге қауіпті індетті анықтайтын  тест жабдықтары алынды. Енді тиісті сынамаларды  Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына жібермей, бірден тест жасап, 7 сағат ішінде вирусты анықтау мүмкіндігі туды» – depti басқарма басшысы.

Ескертеміз, короновирусқа байланысты сұрақтарыңыз туындаса, 1406 нөміріне немесе, Атырау облысы бойынша 98-01-92  және  8 778 007 20 21 байланыс нөміріне хабарласуларыңыз сұралады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button