АТЫРАУДА

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ УАҚЫТША ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

Қаланың азаматтық қорғау қызметтері тәулік бойы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына көшеді. Қоғамдық тәртіпті, халықтың тыныс – тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимді, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерде қорғау күшейтіліп, уақытша шектеулер енгізілді.

«- Медицина қызметкерлері мен ішкі істер органдарының және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің еңбек демалысына шығуына тыйым салынды;

– Барлық медициналық және медициналық-әлеуметтік мекемелерді, әсіресе қарттар мен мүгедектер, балалар үйіне баруға тыйым салатын карантинге көшірілді;

-Санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ірі сауда объектілерінің жұмысына 10:00 – 18:00 ге дейінгі аралыққа шектеулер белгіленді;

– азық-түлік дүкендері, супермаркеттер және азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекция шараларын күшейтіп, әдеттегідей жұмыс жасап, нан және кондитерлік өнімдерді тек сырты қаптаулы түрде сату;

-Санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, зат сататын базарлардың жұмысын сағат 11:00–17:00 дейінгі аралыққа шектеу;

– Кафе мен мейрамханалардың жұмысын келушілер саны 50 адамнан аспайтын етіп жұмыс уақытын 22:00-ге дейінгі шектеу;

– Балабақша тәрбиеленушілерінің емін-еркін келу құқын сақтай отырып, медициналық-санитарлық бақылауды күшейтіп, балабақшалардың қалыпты режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

– Көрермендердің қатысумен өтетін спорттық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық мерекелер мен естелік рәсімдерді өткізуге тыйым салынды;

– Сауда орталықтарындағы ойын-сауық алаңдары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, фитнес орталықтары мен спортзалдар, түнгі клубтар, кальян барлар мен басқа да адамдар көп жиналатын объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салынды;

– Қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді. Соңғы аялдама пункттерінде автобустар дезинфекциядан өтеді;

– Мектептен тыс қосымша білім беру нысандарын (шығармашылық сарайлар, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар) жабылды» – depti Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Науаров.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button